Біз туралы

Қазақстан мәдениет және сауда орталығы 2021 жыл Түркияның  Ыстанбұл қаласында құрылған. Түркия мен Қазақстан Республикасының Конституциясына, құқықтық актілері мен заңдарына сәйкес жасалған Жарғысы мен келісімдері бойынша қызмет атқарады.

Негізгі мақсаты:  Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасындағы достық көпірі болар қара шаңырақ негізін қалау. Екі елдің өнер, мәдениет, білім-ғылым, экономикалық тұрғыда тығыз байланысының негізінде жеткен ұшан теңіз жетістіктерін одан әрі дамыту.

 

Қазақстан мәдениет және сауда орталығының негізгі бағыттары:

Түркия мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастың алтын көпірі; Түркі халқының мәдени мұраларын, салт-дәстүрін дәріптеу, ақпарат алмасу;

Білім-ғылым, өнер, мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту;

Экономикалық, әлеуметтік, заңнамалық құқық аясында сапалы қызмет көрсету;

Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, дүниежүзі нарығына бәсекелес болу;

Ғанимет Қайсаұлы

Қазақстан мәдениет және сауда

орталығының төрағасы

Қазақстан мәдениет және сауда

орталығы төрағасының орынбасары,

дипломат (1993 – 2000 жж. Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы қызметін атқарған).