TURAN PROMOTION СЕРІКТІГІНІҢ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Turan Promotions серіктігінің Ыстанбұлдағы өкілі, белгілі кәсіпкер, қандасымыз Өмер Тәйжімен іскерлік бабында кездесу өтті.
Қонақтарды Орталығымыздың төраға орынбасары Ержан Уәйіс қабылдап, алдағы уақытта ортақ мәдени, сауда салаларында жасалынатын жұмыстар жайында ой ортақтасты. Өмер мырза өздерінің атқарып жатқан жұмыстарын баяндап, жеңіл өнеркәсіпте өндіріп жатқан қазақи нақыштағы өнімдерін таныстырып, арнайы сый ретінде орталыққа ұсынды. Алдағы уақытта екі тарап ортақ жобаларды іске асыруға ниетті екендіктерін білдірді.






