Түркиядағы жер сілкінісі болған аймаққа гуманитарлық көмек жіберілді

Түркияның оңтүстік аймақтарында болған табиғи апаттан зардап шеккен Түрік бауырлармыздың ауыр қайғысына ортақтаса отырып, JS Holding, Қазақстан мәдениет және сауда орталығы атынан қайырымдылық іс-шарасы өткізілуде.
Орталықтың төрағасы Ғанимет Қайсаұлы, төрағаның орынбасары Ержан Уәйістің шешімімен Орталық ұжымы Түрік ағайындарға жылу сыйлау мақсатында Орталық өкілдері Үміт Өзер мен Нұрбазар Жәңгіртегі Ыстанбұл қаласынан Адана және Анталья қалаларына барып гуманитарлық заттар, 25 000 дана әртүрлі жұмыс қолғабы және 2 дана жылжымалы үй (контейнер) көмек ретінде Түркияның үкіметтік орындарына табыстады.
Орталық ұжымы алдағы уақыттада Түрік ағайындарға “Біз біргеміз!” акциясын ұйымдастырады, әрі Түрік жұртына амандық тілейді.

Қазақстан мәдениет және сауда орталығы