Қандасымыз Қанат Ислам бокс алаңында тағы жеңіске жетті

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам Аргентиналық Хавьер Франсиско Масьельден шаршы алаңда басым түсіп, кәсіпқой рингтегі 28-жеңісіне қол жеткізді.
АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситиде өткен жарыста отандасымыз 8 раундық жекпе-жекте қарсыласына айқын басымдылықпен ауыр соққылар жасағандықтан рингтегі төреші нокдаун жариялады. Осылайша қандас боксшымыз жеңіске қол жеткізді.
Қуанышты жаңалыққа орай, Қазақстан мәдениет және сауда орталығы атынан қандас боксшымыз Қанат Исламды және барша жанкүйерлерін тартысты жекпе-жектегі жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы бокс жарыстары да сәтті һәм жеңісті болуына тілектеспіз!

