ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛЫ ӨТТІ

nknkkkkk

2022 жылы 11-12 Тамыз күндері Қазақстанның Тараз қаласында ҚР сыртқы істер минстрлігі, TURKSOY халықаралық ұйымы, Жамбыл облысының әкімдігінің қолдауымен Отандастар қорының ұйымдастыруында шетелдерде тұратын қандастармен ұлттық бірегейлікті сақтау, мәдени байланысты нығайту және қандастарды қолдау мақсатында «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалы өтті.

Фестивалда ұлттық өнердің әр түрінен байқау жарияланып, халықтық-қолданбалы өнер бағыты бойынша алғашқы ірктеуден орталығымыздың көркемдік жетекшісі Нұрбазар Жәңгіртегі сүрінбей өтіп, арнайы шақырумен фестивалға қатысты.
Өнер додасына әлемнің 10-ға тарта елінен 35 тен астам өнерлі қандасымыз қатысты. Өнер байқауында Түркия, Қазақстан мәдениет және сауда орталығы атынан Нұрбазар Жәңгіртегі 2-орынды иеленді. Орталық атынан ұйымдастырушы барлық тараптарға рақметімізді айта отырып, Нұрбазардың жеткен жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық өнерді, мәдениетімізді дамытуға  қосқан еңбектерінің әлі де көп болуына тілектеспіз!

 

Қазақстан мәдениет және сауда орталығы