“ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ” КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУ КЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Анкара қаласында ҚР елшілігі мен TURKSOY  Халықаралық ұйымының ұйымдастырумен “Темірбек Жүргенов” кітабының тұсау кесер рәсімі өтті. Халықаралық іс-шараға ҚР түркиядағы бас елшісі Еркебұлан Сәпиев, Темірбек Жүргенов қорының төрағасы, кітаптің авторы Сәби Аңсат, Қазақстан мәдениет және сауда орталығының төрағасының орынбасары Ержан Уайс, Евразия жазугылар одағының төрағасы ??? т.б жазушы, ғалым, қоғам белсенділері қатысты.

Алаш арыстарының кейбір іске асыра алмаған армандар мен маңызды істерін іске асырған қоғам қайраткері, қылышынан қан тамған заманда Мәскеуде қазақ өнер мен мәдениеті туралы насихаттаған Жүргенов Темірбек Қараұлы (1898-1938) – Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, Түркі әлемі үшін еңбек еткен Республиканың көрнекті мемлекет қайраткері.

Іс-шарада ғалымдар мен баяндамашылар Алаш арыстар мен Темірбек арасындағы тығыз байланыс пен ортақ ниетте халық үшін қызмет істеген игілікті істері, оқу-ағарту, мәдениет пен өнерге қосқан елеулі еңбегі туралы баяндамалар жасалып, маңызды құнды рухани байлықпен сусындатты.

Қазақстан мәдениет және сауда орталығы