Қазақстан мәдениет және сауда орталығы 2021 жыл Түркияның Ыстанбұл қаласында құрылған. Түркия мен Қазақстан Республикасының Конституциясына, құқықтық актілері мен заңдарына сәйкес жасалған Жарғысы мен келісімдері бойынша қызмет атқарады.
Негізгі мақсаты: Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасындағы достық көпірі болар қара шаңырақ негізін қалау. Екі елдің өнер, мәдениет, білім-ғылым, экономикалық тұрғыда тығыз байланысының негізінде жеткен ұшан теңіз жетістіктерін одан әрі дамыту.
Қазақстан мәдениет және сауда орталығының негізгі бағыттары:
Түркия мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастың алтын көпірі; Түркі халқының мәдени мұраларын, салт-дәстүрін дәріптеу, ақпарат алмасу;
Білім-ғылым, өнер, мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту;
Экономикалық, әлеуметтік, заңнамалық құқық аясында сапалы қызмет көрсету;
Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, дүниежүзі нарығына бәсекелес болу;

Ғанимет Қайсаұлы
Қазақстан мәдениет және сауда
орталығының төрағасы

Қазақстан мәдениет және сауда
орталығы төрағасының орынбасары,
дипломат (1993 – 2000 жж. Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы қызметін атқарған).

