UNESCO –НЫҢ ҚР ӨКІЛДІГІМЕН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін UNESCO-да акредитацияланған «Ұлы тағзым» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен UNESCO ҚР өкілдігі, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен бірге «Дәстүрлі қымыз мерекесі» атты халықаралық онлайн конференция өтті.
Кездесуде UNESCO (Ұлттық материалдық емес мәдени мұра комитетінің) мүшесі, «Ұлы тағзым» қоғамдық қорының директоры Балғын Салықова, Ұлытау облысы мәслихатының депутаты Бақтияр Қожахметов, Орталығымыздың мәдениет және білім саласының жетекшісі Нұрбазар Жәңгіртегі, Ақмола облысы Қорғалжың ауданының мәслихат хатшысы Берік Рыспаев, Ресейдегі «Мөлдір» Сібір қазақ мәдениеті орталығының жетекшісі Алтынай Жүнісова және т.б. қоғам белсенділері мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, өкілдері қатысып өз пікірлерін білдірді.
Жиналыста Нұрбазар Жәңгіртегі Орталығымызды таныстырып, «Қымыз мерекесін» ұйымдастыруда осыған дейінгі атқарған жұмыстар мен Түркиядағы мүмкіндіктер туралы баяндады. Қатысушылар қазақ халық үшін «Қымыз» мерекесінің құндылықтары, жас ұрпаққа салт-дәстүрді сіңіру, халық арасында дәріптеу мақсаттары айтылып, Республикалық және халықаралық деңгейде өткізуге дайындық, оның жоспарлары мен атқарылатын жұмыстары туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Қазақстан мәдениет және сауда орталығы

