ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМДАРЫ ТҮРІК ХАЛҚЫМЕН БІРГЕ

Түркиядағы зілзала болған жерлерге көмек қолын созған қазақ қоғамдардың саны күн сайын арта түсуде. Ыстанбұлдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығы апат болған аймаққа 2 жылжымалы үй (контейнер), 25 000 дана әр түрлі мақсаттағы қолғап және гуманитарлық көмек бұйымдарын ұжым атынан орталық өкілдері Адана және Анталья қаласына барып, AFAD орталығы тарабына табыс етті.
Сонымен қатар, Gosauda жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Ыстанбұлдағы қазақ кәсіпкерлер, белсенді азаматтар мен жастар, студенттер 23 000 000 теңгеден астам қаражатқа тұрмыстық заттар алып, арнайы жүк көлігімен апат болған аймаққа жіберді.
Қазақ-Түрік мәдени, білім беру орталығы Хатай қаласындағы AFAD құтқару штабына арнайы жылы көрпе, ересектер және балалар киімдерін апарды.
Қазақ – Түрік қоғамы штабында 100 деген қандастармыз (осында жұмыс істейтін қазақстандық азаматтар және студентер) азық-түлік түрлері, көкөніс, жемістер тиелген жүк көліктері Малатия және Хатай қаласына жеткізілді.
Гүнешлі ауданындағы Қазақ кенттегі Алтай Қазақ қоғамы зор ұйымшылдық танытып, жылы киім, азық-түлік тиеген 1 жүк машинасын Газиантеп және Адиаман аймақтарына жөнелтті.
Ыстанбұлдағы Қазақ қандасымыз, қоғам белсендісі Айша Саваш Алпарсыланның ұйымдатыруымен апат аймағына балалар, ересектер киімдері, азық-түлік түрлері тиелген 1 жүк көлігін Хатай облысына арнайы барып, өзі тапсырып келді. Бұл істе Алманиядағы қандасымыз белгілі кәсіпкер Бешірхан Малабақан өзі бас болып, Германиядағы ағайындармен бірлесе үлкен қаражат жинап қол үшін берді.
Бауырлас Түрік халқының ауыр қайғысына ортақтасып, қандастарымыз адал көңіл, шын жүректерімен бар көмегін атап жатыр. Қайырымдылық іс-шарасы әлі де жалғасуда.

Қазақстан мәдениет және сауда орталығы