НИГДЕ ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ

2022 жылы 22-23 желтоқсан күндері Қазақстан мәдениет және сауда орталығының өкілдері, сауда бөлімінің меңгерушісі Жанер Тоздуман және Ұлытау облысының маслихат депутаты, «Ұлы тағызым» қоғамдық қорының атқаушы директоры Бақтияр Қожахметов Нигде облысындағы Алтай қазақ ауылы, Нигде қаласында іскерлік-ынтымақтастық орнату мақсатында іс-сапармен барды.

Нигде қаласы және Алтай ауылымен мәдениет, білім-ғылым т.б. салада ынтымақтастық орнату мақсатында Алтай ауылында кездесулер өткізілді. Сонымен қатар Нигде облысы әкімінің орынбасары Ресул Өздемірдің қабылдауында болып, ортақ пікір алмасып, болашақта өткізуге жоспарланған бірқатар іс-шара жобасының таныстырылымы өтті.

Сонымен қатар, Нигде Өмер Халісдемір университеті Түркі әлемі ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Перизат Ертаевамен кездесу өткізіліп, Түрік – Қазақ білім және мәдениет орталығымен танысып, алдағы уақытта ынтымақтастық орнатып, ортақ жобаларды іске асыру, түркі дүниесіне ортақ үлес қосу жайында келісім шарт жүргізілді.

Қазақстан мәдениет және сауда орталығы