Кипр ғылыми университетімен іскерлік кездесу өтті

2022 жылы 08 қазан күні Қазақстан мәдениет және сауда орталығы мен Кипр университеті екі жақтылы бейресми іскерлік кездесу өткізді.
Кездесуге Қазақстан мәдениет және сауда орталығының төрағасы Ғанимет Қайсаұлы және орталықтың қызметкерлері, Кипр ғылыми университетінің қамқоршылық кеңсесінің төрағасы Селман Арсланбаш және кеңсенің ғылыми қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия және Кипр арасындағы білім және ғылым саласындағы ортақ мәселелер талқыланып, болашақта ынтымақтаса отырып, бірге ғылыми жобалар мен оқу-ағарту ісін дамыту, ғылыми зерттеу кеңселері мен тіл үйрету орталықтарын ашуға ниет білдіріп, ой ортақтастырды. Кездесу екі елдің достық қарым-қатынасы мен мәдени, білім және ғылым саласындағы байланысының әрі қарай дамуының кепілі болмақ.


Қазақстан мәдениет және сауда орталығы

