Қазақстың ұлттық «Қымыз» мерекесі ЮНЕСКО тізімінде

2022 жылы 23-25 Қазан күндері аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында ЮНЕСКО-ИЧКАП-тың ұйымдастыруымен Жібек жолы бағдарламасына байланысты Халықаралық конференция өтті – деп, хабарлайды Қазақстан мәдениет және сауда орталығы.

Конференцияда Еуразия құрлығындағы мемлекеттердің ұлттық фестивальдар ұсыныстары қаралып, Жібек жолы бағдарламасына қабылдау жұмысы жүргізілді. Жиналыста Ұлытаулық өлкетанушы, «Көкмайса» қымыз мерекесінің авторы және ұйымдастырушысы Бақтияр Қожахметов жаңа ұсыныспен баяндама жасады. «Ұлы тағзым» қоғамдық қоры бастамашылығымен, Қазақстан мәдениет және сауда орталығының қолдауымен, ЮНЕСКО-ның қатысуымен қазақтың Қымыз мерекесін Дүниежүзілік фестивальға айналдыру жоспарлануда. Себебі, жылқы мәдениеті Еуразия кеңістігінде көптеген халықтарға тікелей қатысты. Бұл мереке халықтарды, мәдениеттерді  жақындастыратын іс шара.

Жиынға қатысушылар бір ауыздан қабылдап, қолдау пікірлерін айтып, ИЧКАП-тың атынан Қазақстан үкіметіне хат жолдайтын болып, жылқы мәдениеті туралы арнайы фильм түсіруді қолға алатын болды. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті әлем алдында ұлттық беделін тағы бір арттырмақ.

 

Қазақстан мәдениет және сауда орталығы