ҚАЗАҚСТАН ҚАНДАСТАР САЙЛАУҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫНАСТЫ
Бүгін Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауының өтуіне орай, Қазақстан мәдениет және сауда орталығының ұжымы мен Түркиядағы қандастарымыз дауыс беру науқанына қатысты.
Қазақстан мәдениет және сауда орталығы төрағасының орынбасары Ержан Уәиіс т.б. ұжым мүшелері Ыстанбұл қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығында орналасқан 255 сайлау учаскісінде дауыс берді. Сонымен қатар, Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне сенімділік білдірген қандастар мен жастар «Әділетті қазақстан» үшін өз шешімдерін қабылдады.



Қазақстан мәдениет және сауда орталығы

