ҚАЗАҚ КӨШІНІҢ ТҮРКИЯҒА КЕЛУІНЕ 70 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Түркиядағы Ыстанбұл қаласының Бағжылар ауданында Алтайдан Анадолыға қоныс аударған қазақтардың Түркия мемлекетін мекендеуіне 70 жыл толуына орай «Отандастар» қорының ұйымдастырумен «Қазақ көшінің Түркияға келуіне 70 жыл» тақырыбындағы кең көлемді іс-шара өтті.

Іс-шараға қолдаушы болған Ыстанбұл қаласы Бағжылар ауданында екі елдің бауырластығын айқындайтын «Достық» ескерткіші ашылды. Сонымен қатар, көш туралы ғылыми конференцияда елге танымал қазақ, түрік ғалымдары баяндамалар жасап, арнайы түсірілген деректі филім көрсетілді. Іс-шара соңында екі елдің достығы мен дамуына үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды.

Осы орайда, Орталығымыздың төрағасы Ғанимет Қайсаұлы «Отандастар» қорының елеулі еңбегі үшін арнайы медалмен марапатталды. Орталық ұжымының атынан шын жүркетен құттықтаймыз! Екі елдің достық қарым-қатынасы және Жаңа Қазақстандағы Түркиялық қандастардың рөлі мен бауырлас елдердің ынтымақтастығын дәріптеу жалғаса бермек.

Қазақстан мәдениет және сауда орталығы