ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстанның Астана қаласына арнайы іс-сапармен барған Қазақстан мәдениет және сауда орталығының делегациясын 26 желтоқсан күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі қабылдады.

ҚР ҒжЖБ минстрі Саясат Нұрбек Қазақстан мәдениет және сауда орталығының төрағасы Ғанимет Қайсаұлы, Ыстанбұл Айдын университетінің Қамқоршылар кеңесінің төрағасы және университеттер қауымдастығының төрағасы, доктор Сельман Арсланбаш, ҚМжСО –ның төрағасының орынбасары Ержан Уәйіс, Edutolia-Education негізін қалаушы және Study in North Cyprus негізін қалаушы Ибрахим Албайракпен кездесу өткізіп, кездесу барысында Қазақстан мен Түркия екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі жандандырып, білім-ғылым саласында ортақ жобаларды іске асыру, ынтымақтастық орнату аясында пікірлер ортақтастырды.

Екі тарап кездесу барысында: Қазақстандық студенттерді Түркия мемлекетінде оқытудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары; Қазақстанда Түркия университетерінің жәрмеңкесін Қазақстанның әр өңірлерінде өткізуді жоспарлау; Қазақстан мен Түркия университеттері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер жасау және т.б. тақырыптар талқыланып, кездесу жоғары деңгейде өтті.

Қазақстан мәдениет және сауда орталығы