ҚР–НЫҢ ТҮРКИЯДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2022 жылы желтоқсанның 29 жұлдызы ҚР–ның Түркиядағы Елшісі Сапиев Еркебұлан Қазақстан мәдениет және сауда орталығы төрағасының орынбасары Ержан Уәйіс және Орталық өкілдерін, Ұлытау облысының маслихат депутаты, «Ұлы тағызым» Қоғамдық Қорының атқарушы директоры Бақтияр Қожахметовты арнайы қабылдады.
Кздесу барысында Елші мырзаға Орталықтың атқарылып жатқан жұмыстары мен болашақта жоспарланған жобалар баяндалды. Сонымен қатар, бірге атқарып жатқан жұмыстарымызды алдағы уақытта әлі де жандандырып, туысқан екі елдің достық қарым-қатынасын, білім мен мәдениет саласын одан әрі дамытуға күш салу сынды оймен ортақтасып пікір алмасты.
Кездесу жоғары деңгейде өтті және іскерлік байланысымызды дамыту негізінде Елшілік атынан Орталық өкілдеріне арнайы естелік – сыйлық бұйымдар табысталды.



Қазақстан мәдениет және сауда орталығы

