ТҮРКІ ӘЛЕМІ МӘДЕНИЕТ АЙМАҒЫНДА КЕЛЕЛІ ОТЫРЫС ӨТТІ

2023 жылы қаңтардың 4-ші жұлдызы Ыстанбұл қаласы Түркі әлемі мәдениет аймағында Чепни Қоғамдық бірлестіктер Федерациясы мен Эрдеби Хорасан Алеви мәдениеттану және білім беру қоры ұйымдастыруымен алдағы күндері өтетін «Түркі әлемі» халықаралық мәдени кездесудің алғы шарты негізінде ұйымдаструшы қоғамдық бірлестіктердің отырысы өтті.

Отырысқа, ҚМжСО –ның Төрағасының орынбасары Ержан Уәйіс және өкілдер қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан т.б. мемлекеттерден тыс, Түркиядағы қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері қатысып, «Түркі әлемі» кездесуінің жоғары деңгейде өтуіне, әлемге түркі мәдениетін таныту, салт-дәстүрді насихаттау, түркі өнерін көрсетуге дайындықты пысықтап, алдағы уақытта бірлікте ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырып, қоғам басшылары сөз сөйледі. Жиналыс соңында Қазақстаннан келген өнерпаздар қонақтарға шағын концерттік бағдарлама ұсынды.

Қазақстан мәдениет және сауда орталығы