TURKSOY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫНДАҒЫ КІТАПТІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Бүгін Анкара қаласында TURKSOY халықаралық ұйымының, Қазақстан елшілігінің, Евразия жазушылар одағының ұйымдастыруымен қазақ жазушысы, драматург Жолтай Жұмат Әлмашұлының түрік тіліндегі «Махаббат пен өшпенділік» атты кітабының тұсаукесері өтті.
TURKSOY халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ҚР –ның Түркиядағы Елшісінің орынбасары Мерей Мұқажан, Евразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Өмерогулы т.б. қаламгердің шығармашылығына тоқталып, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, Іс-шараға арнайы қатысқан Қазақстан мәдениет және сауда орталығы төрағасының орынбасары Ержан Уәйіс қаламгерге жылы лебізін білдіріп, қазақи шапан кигізіп, сый құрмет көрсетті.
Шара соңында TURKSOY халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев бір топ ғалымдар, жазушылар және дипломаттарға Ахмет Байтұрсын атындағы медалын табыстады.











Қазақстан мәдениет және сауда орталығы

