ТҮРКІ ӘЛЕМІ КЕЗДЕСУІ

Қаңтардың 05 – 08 күндері Ыстанбұл қаласы Малтепе саябағында Ыстанбұл қала әкімдігі, Малтепе аудан әкімдігі, Чепни Қоғамдық бірлестіктер Федерациясы мен Эрдеби Хорасан Алеви мәдениеттану және білім беру қоры бастамашылдығында 200 ден астам ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастыруында «Түркі әлемі кездесуі» халықаралық мәдени іс-шара өтті.

Халықаралық кездесуге Ыстанбұл қаласының әкімі Екрем Имамоглу, Республикалық халық партиясының төрағасы Кемаль Кылычдароглу, TURKSOY халықаралық ұйымының өкілі Санжар Мулазымоглу, ҚМжСО –ның Төрағасының орынбасары Ержан Уәйіс және өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркіменстан т.б. мемлекеттерден тыс, TURKSOY халықаралық ұйымы, Түркиядағы қоғамдық бірлестіктер қатысып, әлемге түркі мәдениетін танытып, салт-дәстүрді насихаттап, түркі өнерін көрсеттті. Қазақстаннан Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе Облыстық Филармониясының Ахмет Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, Шымкент қаласынан «Маржан» би мектебінің оқушылары, Астана қаласынан, т.б. аймақтарынан келген өнерпаздар қонақтарға шағын концерттік бағдарлама және көрме ұсынып халықтың ризашылығына бөленді. 

Қазақстан мәдениет және сауда орталығы