Анкарда Респуллика күнне орай салтанатты кеш өтті
2022 жылы 25 қазан күні Түркияның Анкара қаласында ҚР елшілігінің ұйымдастыруымен Республика күні мерекесіне орай Түркиядағы қандастарға арналған салтаннаты кеш өтті. Кешке Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сапиев Еркебұлан Оңалбекұлы, Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой, т.б үкіметтік және үкіметтік емес үйымдардың басшысы, танымал кәсіпкерлер мен белсенді отандастарымыз қатысты.
Іс-шараға арнайы шақыртумен орталығымыздың төрағасы Ғанимет Қайсаұлы, Әнуар Әбдуғали, Серік Оразбекұлы қатысып, барша Қазақ елін айтулы мерекемен құттықтай отырып, Қазақстан мәднеиет және сауда орталығының атқарылып жатқан іс-шараларымен таныстырып, екі ел арасындағы маңызды мәдени, экономикалық жобалар туралы пікір алмастырып, ортақ ой бөлісті.





Қазақстан мәдениет және сауда орталығы

