КҮЧІКЧЕКМЕЖЕ АУДАН ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2022 жылы 09 желтоқсан күні Ыстанбұл қаласы Күчікчекмеже ауданының әкімі Кемал Шеби Қазақстан мәдениет және сауда орталығының өкілдерін арнайы қабылдады.
Кездесу барысында осы аудан аумағына орналасқан орталығымыздың жан-жақтылы маңыздылығы, екі елдің достық қарым-қатынасында, білім-ғылым, мәдениет, өнер, сауда саласында болашақта ортақ іске асыратын іс-шаралардың мүмкіндіктерін одан ары жаңғырту туралы ортақ пікірлесті. Орталық төрағасының орынбасары Ержан Уәйіс Орталық атынан екі ел ынтымағының маңгілік болуын тілеп Күшікшекмеже ауданының әкімі Кемал Шеби мырзаға қазақтың ұлттық шапанын кигізді. Түркі жүртының мәдени, дәстүрлік өркениетінің жалғастыру жолында ортақ еңбек етуге дайын екендігін білдіріп естелік бұйым сыйлады.





Қазақстан мәдениет және сауда ортылығы

